• JP
  • KAZ
  • RUS
  • EN
  • LANGUAGE
  • JP
  • KAZ
  • RUS
  • EN

アスタナ国際博覧会 概要

Атауы :
Астана ЭКСПО-2017 (EXPO 2017 Astana) Халықаралық көрмесі
Тақырыбы :
FutureEnergy (Болашақ қуаты)
Тақырыпшалар :
①СО2 шығарылуын азайту
②Энерготиімді өмір сүру салты
③Баршаға арналған қуат
Кезең :
2017 жылғы 10 маусым (сенбі) – 10 қыркүйек (жексенбі)
аралығында 93 күн
Өткізілетін орны :
ҚР Астана қ.
Мақсаты :
«Болашақ қуатын қалыптастыру үшін тұрақты және іргерілмелі
дамуымен технология мен энергетикалық саясатты дамыту
қажеттілігін, сондай-ақ, өнеркәсіптік және кәсіпкерлік шеңберде
әрқайсымыздың жеке-жеке жалпы мойындауымыз».
Келушілердің
болжалды саны :

5 млн. адам (85% қазақстандықтар, 15% шетелдік қонақтар)
Көрме аумағы :
25 гектар


ЭКСПО алаңы ескі қаладан оңтүстікке қарай 8 км, жаңа әкімшілік ғимараттар орналасқан жерде жаңа қаладан оңтүстікке қарай 4 км жерде, әуежай мен қалалық ғимараттар арасында орналасқан. Астана ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесінің алаңы 25 га аумақты алып жатыр. Дөңгелек сфера пішіндес Қазақстан павильоны маңайында Жапонияны қосқанда өзге мемлекеттердің павильоны орналасқан ЭКСПО орталығы болып табылады.

チケット情報

Билеттің бағалары, түрлері және т.б. хабарламасыз өзгеруі мүмкін. Ақпаратты ЭКСПО 2017 Астана ресми сайтын міндетті түрде тексеруіңізді өтінеміз.

◆ Көрменің жұмыс уақыты

Жұмыс істеу уақыты сағат
9-00-ден 1-00-ге дейін (соңғы кіру уақыты 22-30)

◆ Кіру билеттері туралы ақпарат

Жұмыс күндері үшін ашық күнмен билет 6000 теңге
Демалыс күндері үшін ашық күнмен билет
(Сенбі жексенбі)
6000 теңге
Жұмыс күндері үшін белгіленген күнмен билет 4000 теңге
Демалыс күндері үшін белгіленген күнмен билет
(Сенбі жексенбі)
4000 теңге

6 жасқа дейінгі балалар үшін кіру тегін

Билеттерді сондай-ақ, Қазақстандағы барлық ірі сауда орталықтарынан алуға болады

Билетке тапсырыс беру үшін ЭКСПО 2017 Астана ресми сайтын қолданыңыз. Тапсырыс беруші үшін кредиттік карта қажет.

Билетке тапсырыс беру кезеңі 11 маусым мен 9 қыркүйекте аралығы. Арнайы тариф пен 10 маусым ашылған күні немесе 10 қыркүйекте көрмеге кіру процедуралары туралы ақпаратты ЭКСПО 2017 Астана ресми сайтынан алуға болады.

Жеке куәлікті және өзге де жеке құжаттарды көрсеткен кезде кіреберістегі билет кассаларынан шегерім және жеңілдік алуға болады. Алайда аталған жеңілдік жүйесі Қазақстан азаматтарына арналған, шетелдік азаматтар бұл санатқа кірмейді.
Толығырақ көрме ЭКСПО 2017 Астана ресми сайтында табуға болады.

ЭКСПО 2017 Астана ресми сайт:https://tickets.expo2017astana.com/en

↑