• JP
  • KAZ
  • RUS
  • EN
  • LANGUAGE
  • JP
  • KAZ
  • RUS
  • EN

サポーター情報

Ёсидзуми Исихара

石原良純

1962 ж. Канагава префектурасының Дзуси қаласында дүниеге келген.
1984 ж. «Сётику Фудзи» компаниясының «Оқ» фильмінде алғаш рет өнер өлкесіндегі тұсауы кесілді. Одан соң актер ретінде фильмдердің, телевизиялық драмалардың, сахналық қойылымдардың, т.б. түсіріліміне белсенді қатыса бастады. Балалық шағын Сёнан таңғажайып өлкесінің теңіз жағалауында өткізіп, табиғатқа деген сүйіспеншілігі оянған ол 1997 жылы емтиханды сәтті тапсырып, ауа-райы болжамының жүргізушісі ретінде өзін сынап көруге бел байлайды. Өз кезегінде ол Жапониядағы ауа-райы мен жыл мезгілдері туралы ғана баяндап қоймай, жаһандық экологиялық проблемаларды да көтереді. Одан бөлек, Жапонияның үкіметтік және аймақтық мекемелерінің экологиялық конференциялары мен симпозиумдарына қатысады.

Утадзо Кацура

桂歌蔵

1964 жылы дүниеге келген Жапониянын ракугока (Аудармашының ескертуі: Ракуго – жапондық сықақ театрының актері, ракугока – ракуго театрының актері)
Қазіиргі таңда астаналық ракуго театрында өнер көрсетуден бөлек, бүкіл мемлекет бойынша ракуго түрлі іс-шараларына қатысып, өзге салаларда да, атап айтқанда, телевизия репортаждарында, эссе журналдарда белсенді көзге түсуде.
Одан басқа ол шетелге де шығып, 2012 ж. ағылшын тілінде АҚШ-та Лос-Анжелес пен Сиэтлде, 2014 ж. Өзбекстан мен Қазақстанда, 2015 ж. Мысыр мен Кенияда, 2016 ж. Монғолияда ракуго өнерін көрсетіп, бұрынғысынан да үлкен танымалдылыққа ие бола түсті.

Тацуо Камон

嘉門タツオ

1959 жылы дүниеге келген. Жапонияда танымал әнші мен ақын-жыршы. Өзі шығарған әндердің орындаушысы.
Балалық шағында ол 1970 жылы Жапонияда өткізілген (Осака ЭКСПО) ЭКСПО Халықаралық көрмесінен қатты әсер алып, Халықаралық көрмелердің белсенді әсіре жанкүйеріне айналады. Ол 2010 жылы өткен Шанхай ЭКСПО көрмесіне Жапонияның Өнеркәсіптік Павильонына қолдау көрсету тобының жетекшісі ретінде қатысса, 2015 жылғы Италияның Милан қаласындағы ЭКСПО көрмесіне концерт ұйымдастыра отырып, Жапония Павильонының көмекшісі ретінде атсалысқан.

Мика Мифунэ

三船美佳

1982 жылы 12 қыркүйекте дүниеге келген. Актер Мифунэ Тоширо мен актриса Китагава Миканың үлкен қызы. Әкесінің бүкіл әлемге танымал актерлік атағы оған әсер етпей қоймады – бірінші сыныптан бастап жоғары сынып оқушысы атанғанға дейін халықаралық мектепте оқыды. Телевизия саласындағы тұсауы алғаш рет 1997 жылы «Болгариялық йогурт» жарнамалық науқанында кесілді. «Достық» фильмінде аққан ауруына шалдығып, шашы түсіп қалған жасөспірім-мектеп оқушысының рөлін сомдағаны үшін Жапон киноакадемиясының жас актер сыйлықақысын иеленді.  Одан соң фильмдерге, телевизиялық драмаларға, жарнамалық роликтер мен телевизиядағы ойын-сауық бағдарламаларына белсенді қатыса бастады.

Дэндзиро Ёнэмура

米村でんじろう

1955 ж. Чиба префектурасында дүниеге келген.
Айти ЭКСПО-2005-те ол «Қуаттың оқу аудиториясы» көрінісімен кең танымалдылыққа ие болады. Қазіргі таңда ол ғалым-продюсер ретінде жаңа ғылыми-танымал жобаларды жасай отырып, түрлі пішіндегі журналдар мен телевизиялық бағдарламаларда, ғылыми шоу мен түрлі аймақтағы тәжірибелі оқу аудиторияларында көрініс, зерделеу, іс-шараларды жоспарлауды қосқанда, масс-медианың түрлі салаларына белсенді қатысады.

Моризо/Киккоро

モリゾー・キッコロ

Моризо - орман атайы. Киккоро - орман балақайы. Осы орманның рухтарының екеуі де Айти префектурасындағы Сэто қаласының жағасындағы теңізде тұрады. 2005 жылы олар алаңдағы Айти ЭКСПО жүргізген уақытта ең белсенді қатысушылардың қатарынан көрініп, көрме аяқталған соң өздерінің ормандарына қайтып оралды. Осы жолы олар біздің баршамызды экологиялық қозғалыста қолдап, қоршаған ортаны қорғау проблемалары туралы бізбен бірге ойлану үшін қайта оралды. Осыдан олар халықаралық көрмелерге қатысуға бел шеше кірісетін болады.

NEWS一覧

  • Астана ЭКСПО көрмесіндегіЖапонпавильоны өзжұмысынтәмамдады.(2017.09.12)
    ※Толық ақпарат алу үшін мұнда кіріңіз.
  • Астана ЭКСПО Жапон Павильоны, Келушілер саны 500 000-нан асты. (2017.08.18)
    ※Толық ақпарат алу үшін мұнда кіріңіз.
  • Жапон Ұлттық күні аталып өтті. (2017.07.22)
    ※Толық ақпарат алу үшін мұнда кіріңіз.
  • Астана ЭКСПО-2017 – ашылғанға дейін 100 күн бұрын Жапония Павильонында журналистер үшін баспасөз конференциясын өткізілді(2017.03.01)
  • Астана ЭКСПО-2017 – Жапония Павильонының үш қолдау көрсету тобы жұмысқа кірісті(2016.12.06)
  • Астана ЭКСПО-2017 – Жапония Павильоны Қатысу Келісім шартына қол қою салтанатын өткізді (2016.11.07) 
  • Астана ЭКСПО-2017 – Жапония Павильоны стенд қызметкерлерін жинақтауды бастады(2016.10.14)
  • Астана ЭКСПО-2017 – Жапония Павильонының ғаламтор сайты жаңартылды(2016.06.28)

協賛団体・企業

チケット情報

◆ Көрменің жұмыс уақыты

Жұмыс істеу уақыты сағат
9-00-ден 1-00-ге дейін (соңғы кіру уақыты 22-30)

◆ Кіру билеттері туралы ақпарат

Жұмыс күндері үшін ашық күнмен билет 6000 теңге
Демалыс күндері үшін ашық күнмен билет
(Сенбі жексенбі)
6000 теңге
Жұмыс күндері үшін белгіленген күнмен билет 4000 теңге
Демалыс күндері үшін белгіленген күнмен билет
(Сенбі жексенбі)
4000 теңге

6 жасқа дейінгі балалар үшін кіру тегін

Билеттерді сондай-ақ, Қазақстандағы барлық ірі сауда орталықтарынан алуға болады

Билетке тапсырыс беру үшін ЭКСПО 2017 Астана ресми сайтын қолданыңыз. Тапсырыс беруші үшін кредиттік карта қажет.

Билетке тапсырыс беру кезеңі 11 маусым мен 9 қыркүйекте аралығы. Арнайы тариф пен 10 маусым ашылған күні немесе 10 қыркүйекте көрмеге кіру процедуралары туралы ақпаратты ЭКСПО 2017 Астана ресми сайтынан алуға болады.

Жеке куәлікті және өзге де жеке құжаттарды көрсеткен кезде кіреберістегі билет кассаларынан шегерім және жеңілдік алуға болады. Алайда аталған жеңілдік жүйесі Қазақстан азаматтарына арналған, шетелдік азаматтар бұл санатқа кірмейді.

↑