• JP
  • KAZ
  • RUS
  • EN
  • LANGUAGE
  • JP
  • KAZ
  • RUS
  • EN

ごあいさつ

ЭКСПО-2017 Астана Халықаралық көрмесі Жапония үкіметінің өкілі

Томиясу Накамура

中村 富安

 2017 жылғы 10 маусым мен 10 қыркүйек аралxғында Жапония Орталық Азияда орналасқан Қазақстан мемлекетінің астанасы – Астана қаласында өткізілетін ЭКСПО халықаралық көрмесіне қатысатын болады.
 Жапония әлемнің түрлі аймақтарында өткізілген көптеген Халықаралық көрмелерге қатыса отырып, адамзаттың алдында тұрған жаһандық мәселелерді шешуге талпына отырып, әр уақытта өзінің жеке идеялары мен оларды шешу жолын ұсынып келеді. Осы тәжірибее негізге ала отырып, Жапония Астанадағы «Болашақ қуаты» тақырыбындағы Халықаралық көрмеде тек Жапонияға ғана тиесілі өзінің бірегей тәжірибесі мен жаңа тегеуріндерін ұсынады.
 Мұндағы үндеу энергияның әр түрлерін тиімді пайдалану жолымен, яғни, Smart Mix with Technology арқылы қоршаған ортаны қорғау мен қауіпсіздік факторларын есепке ала отырып, арзан әрі тұрақты энергияға қол жеткізу мүмкіндігі болып табылмақ.
 Біз Қазақстан мен әлемнің бүкіл елдерінен келген көрмені тамашалаушылар назарына мемлекетіміздің үздік технологиясын ұсынып қана қоймай, оны жапондық қоғам, мәдениет пен табиғат және өзге де көптеген дүниелер аясында жарқын да қызықты етіп ұсынғымыз келеді.
 Көрме қонақтарының көпшілігінің түсінігі мен қолдауына сенім артамыз.

日本館シンボルマーク

Мағынасын ашу (танымбелгінің)

Жапонияны бейнелейтін қызыл шеңберден бастап, жігерлі ұшатын үш түстер дәстүрлі энергия көздерін, жаңартылатын энергия көздерін және болашақ энергиясын білдіреді. Әр түсті жиі байланыс, болашаққа ұмтыла отыра, өсе беретін бірыңғай тұлға болып, энергетикалық синтезді білдіреді.

JAPAN Astana Expo2017

日本館について

Экспозиция тақырыбы

Smart Mix with Technology

Болашақ қуаты үшін Жапонияның тәжірибесі мен тегеуріні

Табиғи ресурстарға бай емес Жапония экономиканың дамуымен қатар, электр энергиясын тұтыну мөлшерінің өсуі және экологиялық мәселелерді шешу мақсатында, бүкіл халық жаппай жұмылып, жаңа энергия түрлерін енгізу, атмосфераға СО2 шығарылу мөлшерін азайту жұмыстарын қолға алып келді.
Қазіргі таңда да 3E+S※ге бір уақытта қол жеткізу үшін барынша құлшыныс танытып отыр.
Жапония бүкіл әлемге «Бірыңғай Жапония тегеуріні» ретінде өз күші мен тәжірибесін ұсынады.

Астана ЭКСПО-2017 «Болашақ қуаты» Халықаралық көрмесінің тақырыбын ашу үшін жеке ұсынысымыз ретінде біз бүкіл әлемге қоғамның жаһандық мәселелерін шешу үшін өз үлесін қоса алатын Жапонияның жоғары технологиялық әлеуетін көрсетеміз.

※3E+S термині, энергетикалық қауіпсіздікті дамыту (Energy Security), экономикалық тиімділікті арттыру есебінен барынша арзан энергия алу (Economic Efficiency) үшін әрі сонымен қатар, бұрыштың жоғарғы жағына қауіпсіздікті (Safety) қоя отырып, қоршаған ортаны қорғау (Environment) үшін барынша күш қолдануды білдіреді.

Approach ZONE I ZONE II ZONE III
× × × ×

日本館イメージPV

ЭКСПО промо-видеосы

Жаһандық мәселелерді шешудің бастамасына айналатын сутекті технологиялар мен энергетикалық микстен тұратын Жапонияның жоғары технологияны әлеуетіне үміт арту сезімі мен үлкен қызығушылық.

日本館参加体制

Бірінші деңгейлі жауапты министрлік
Жапонияның Экономика және
өнеркәсіп министрлігі
Екінші деңгейлі жауапты министрлік
Жапонияның Білім министрлігі,
Жол және көлік министрлігі,
Экология министрлігі
Ресми ұйымдастырушы-қатысушы
Сыртқы сауданы дамыту бойынша
JETRO жапондық ұйымы

ジャパンデー

22-шілде сенбі күні аталып өтті.
Көптеген қонақтардың келіп қатысқанына алғысымыз шексіз.

ジャパンデー

アテンダントユニフォーム紹介

Дизайнның тұжырымдамасы – «Болашақтың қуаты». Стендшілердің
қуатты белсенді қызметі үшін униформа жасау жоспарлануда.

Негізгі стиль қуаттық мәнін білдіретін қызыл түстермен сипатталады. Жаздық киімді әйелдердің жейдесі мен жеңсіз көйлектерінде формаға ұлттық жапондық реңк беретін хиномара (жапониялық ту) дизайны қолданылады. Көбінесе ақ және көгілдір түстерді қолдану жазғы көңіл-күй мен балғындықты сезінуге мүмкіндік береді. Жапония Павильонының символының мен

танымбелгісінің түстері де бас киім, орамал мен сөмкелердегі жапсырмалардан көрініс тапқан. Стендшілердің белсенді қызметін назарға ала отырып, барлық униформа үшін жоғары сапалы стретч матасы қолданылады. Мата ретінде терді сіңіретін, жылдам кебетін және ішіндегі киімдер көрінбейтін көпатқарымдық жапондық маталар қолданылады.

Негізгі стилі
Жазғы стиль

チケット情報

◆ Көрменің жұмыс уақыты

Жұмыс істеу уақыты сағат
9-00-ден 1-00-ге дейін (соңғы кіру уақыты 22-30)

◆ Кіру билеттері туралы ақпарат

Жұмыс күндері үшін ашық күнмен билет 6000 теңге
Демалыс күндері үшін ашық күнмен билет
(Сенбі жексенбі)
6000 теңге
Жұмыс күндері үшін белгіленген күнмен билет 4000 теңге
Демалыс күндері үшін белгіленген күнмен билет
(Сенбі жексенбі)
4000 теңге

6 жасқа дейінгі балалар үшін кіру тегін

Билеттерді сондай-ақ, Қазақстандағы барлық ірі сауда орталықтарынан алуға болады

Билетке тапсырыс беру үшін ЭКСПО 2017 Астана ресми сайтын қолданыңыз. Тапсырыс беруші үшін кредиттік карта қажет.

Билетке тапсырыс беру кезеңі 11 маусым мен 9 қыркүйекте аралығы. Арнайы тариф пен 10 маусым ашылған күні немесе 10 қыркүйекте көрмеге кіру процедуралары туралы ақпаратты ЭКСПО 2017 Астана ресми сайтынан алуға болады.

Жеке куәлікті және өзге де жеке құжаттарды көрсеткен кезде кіреберістегі билет кассаларынан шегерім және жеңілдік алуға болады. Алайда аталған жеңілдік жүйесі Қазақстан азаматтарына арналған, шетелдік азаматтар бұл санатқа кірмейді.

↑